«Australian Open» турнирі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Australian Open» турнирі басталды

09.01.2014
«Australian Open» турнирі басталды
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Австралияда өтіп жатқан іріктеу турнирінің екінші кезеңіне өтті. Ол алғашқы айналымда сербиялық спортшы Александра Круничтен басым түсті. Екі сағатқа созылған кездесуді 6:3, 2:6, 6:4 есебімен аяқтады.
 
Енді келесі кезеңде жерлесіміз Румыния және Германия теннисшілерінің арасынан шыққан спортшымен бәсекеге түсетін болады. Айта кетейік, тағы бір қазақстандық спортшы Сесиль Каратанчаева бірінші айналымда қарсыласына жол берді.

Хабарламаларға жазылу