«Дакар-2014» ралли-марафоны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дакар-2014» ралли-марафоны басталды

06.01.2014
«Дакар-2014» ралли-марафоны басталды
«Астана Моторспортс» командасының 4 мүшесі әлемдегі ең танымал және өте қауіпті автожарыстардың бірі «Дакар 2014»-тің 1-кезеңін сәтті бастады. Аргентинада өтіп жатқан дүбірлі доданың алғашқы кезеңі Росарио мен Сан-Луис елді мекенінің арасында өтті.
 
809 шақырымды құраған жарыс жолында жерлестеріміз жол талғамайтын көліктер арасында жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ, Айдын Рахымбаев пен Владимир Демьяненко жұбы 19-шы орында, ал, Бауыржан Исабаев пен Ғабдулла Әшімов 31-ші сатыға тұрақтады.
 
Денис Березовский мен Игнат Фальков 71-ші. Жүк көліктері арасында өнер көрсеткен жалғыз жұбымыз 16 орыннан көрінді.

Хабарламаларға жазылу