Елімізде ЮНЕСКО аясында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады. Бұл құрылым Мәдениет және спорт министрлігінің негізінде құрылмақ. Орталықта Азиядағы мәдениатаралық ықпалдастықтың тарихы мен тәжірибесі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Келісім құжатына Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле қол қойды. Жүздесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры" бағыты жайында айтты. Сондай-ақ, жастар жылына арналған іс-шараларға қатысты мәселелерге тоқталды.