Алматыда «Жақсылық жаса» жобасы аясында қайырымдылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жақсылық жаса» жобасы аясында қайырымдылық кеші өтті

04.06.2019

Оған «Жанұя» балалар үйінің 30 тәрбиеленушісі мен қарттар үйінің 20 тұрғыны қатысты.

Жиналғандарға арнайы дастархан жайылып, танымдық шаралар мен түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Мәселен, балалар мен қарттар арасында әлеуметтік-психологиялық тренинг, зияткерлік сайыстар болды. Балалар ән айтып, би билеп, өнерлерін көрсетті.

Қарттар үйінің хоры да ән салып, балалардың көңілін көтерді. Ал шара соңында «Жанұя» балалар үйі мен Қарттар үйі арасында «Ынтымақ туралы» меморандумға қол қойылды.

Елшін Хамедов, «Жақсылық жаса» жобасының жетекшісі:

- Бұл жоба - шетелден келген ой. Оның ең негізгі мақсаты - қарттар үйі мен балалар үйінің арасындағы достықты, сүйіспеншілікті арттыру.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу