Оралда «Қасиетті Қазақстан» кітабының жаңа томы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда «Қасиетті Қазақстан» кітабының жаңа томы таныстырылды

30.05.2019

Жинақтың бірінші бөлімі былтыр жарыққа шыққан еді. Онда әліпби бойынша Алматы облысы, Алматы қаласы, Ақмола облысы мен елорда тарихы баяндалды. Ал бұл жолғысы батыстағы төрт аймақ – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын қамтыған.

Кітапта ел ішінде киелі, қасиетті саналатын жерлер мен құлпытастар тарихы, тарихи тұлғалар туралы мол мағлұмат бар. Екінші томның мазмұнды болуына жергілікті өлкетанушылар көп еңбек сіңірген.

Нұржан Төлепов, өлкетанушы:

- Архивте жұмыс істеп, қазір жаңа деректерді тауып алып жатырмыз. Осындай кітапқа еніп, жалғасын табады деп сенеміз. Бұл кітап жыл сайын шығады және толықтырылып отырады. Себебі кезінде зерттелмей қалған жұмыстар көп.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу