«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы Түркістаннан тілшілер қосынын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы Түркістаннан тілшілер қосынын ашты

15.05.2019

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы Түркістаннан тілшілер қосынын ашты. Ел астанасынан келген тәжірибелі телемамандар енді тарихи мекеннен тікелей хабар таратады.

Жібек жолы бойындағы ең көне қала - ең жас облыстың орталығына айналғалы- әкімшілік-аумақтық, экономикалық, әлеуметтік өзгерістерді бастан кешіп жатыр. Шежірелі шаһардың архитектуралық ажары да, қоғам келбеті де күн санап әрленіп келеді. 16 аудан, 4-5 кент, 900-ге тарта ауылы бар үлкен өңірдің жаңалықтарын енді Ұлттық арна көрерменіне тележурналист Гүлжазира Ғалиқызы жеткізіп отырады. Тұран даласындағы оқиғаларды жұртшылыққа жариялайтын қосын Түркістандағы медиа орталықтың екінші қабатында. 

Гүлжазира Ғалиқызы, «Qazaqstan» Ұлттық арнасының Түркістан облысындағы меншікті тілшісі

Екі млн-ға жуық халқы тірлігі ғыж-ғыж қайнаған үлкен өңір. Сол өңірдің тыныс-тіршілігін, шаруашылығын, өнеркәсібін, өнерін, мәдениетін, қысқасы, сан саладағы жаңалықтарын қалт жібермеуге тырысамыз. 

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ 

 

Хабарламаларға жазылу