Борис Керімбаев туралы деректі фильм жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Борис Керімбаев туралы деректі фильм жарыққа шықты

06.05.2019

Отан қорғаушылар күні қарсаңында аты аңызға айналған батырларымыздың бірі Борис Керімбаев туралы деректі фильм жарыққа шықты. Жауынгерлік ортада «Қара майор» атанған жау жүрек тұлға туралы туынды бүгін Әскери тарихи мұражайда көрсетілді.

Деректі фильмде ауған соғысының ардагері, арнайы мақсаттағы 177-ші жасақ командирі, отставкадағы полковник Борис Керімбаевтың батырлығы, тапқырлығы, тағдыры түгел баяндалады. Картинаны Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсірді. Ауған айқасында жауға сыр алдырмай, айласын асыра білген батыр туралы кино көпшіліктің көңілінен шықты.

Амангелді Жантасов, әскери қайраткер, запастағы полковник:

- Қол астындағы 500 жігітті аман-есен алып қалып, елге қайтару - үлкен ерлік.

 Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу