Театрға көрермендер тарапынан қызығушылық артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Театрға көрермендер тарапынан қызығушылық артып келеді

25.04.2019

Әсіресе, оқушылар арасында өнерге бейім балалар аз емес. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық кітапханада Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Жанат Аңсабайқызы оқушылармен кездесті. Өнер иесі жасөпірімдерге өнер жолындағы қызықты сәттерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Жанат Чайкина, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы:

- Өнер жолын қуатын, өзін өнерге деп бағыштайтын балалар бар шығар. Олардың өнер адамының жолы, оқуға түсуі, жетістіктер мен қиындықтары, қуаныштары жайлы. Өздерін мазалайтын сұрақ қояды, соларға жауап береміз.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу