Елордада халықаралық «Ұшқын» кинофестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада халықаралық «Ұшқын» кинофестивалі басталды

24.04.2019

Елордада студенттер арасындағы халықаралық «Ұшқын» кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған шара бұл жолы Жастар жылын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Фестивальге 38 қысқаметраджы фильм ұсынылды. Оның 20-дан астамы - көркем сюжетті фильм, 8-і - деректі және қалғаны  - анимациялық туынды

Өнерлі студенттердің бәйгесіне әлемнің 8 елінен үміткер қатысқан. Шара екі күннен соң, сәуірдің 26-сы қорытындыланады. Фестивальдің соңында марапаттау салтанаты өтіп, үздік режиссер, үздік сценарий авторы, үздік актерлер анықталмақ.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан бойынша 3 киномектеп бар. Олардың барлығы Жоғары оқу орындарында орналасқан. «Өнер ордаларында жастардың шығармашылықпен айналысуына барлық жағдай жасалған», - дейді университет ұстаздары.

Назира Рахманқызы, өнертанушы, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры:

- Мұндай фестивальдер өте керек. Әсіресе, жастар үшін. Өйткені жастар бір-бірінің жұмыстарын көреді. Екіншіден, олар өздерінің қаншалықты өскенін, болмаса бір орында тұрғанын, жалпы өз-өзіне сын көзбен қарау, өз-өзін тану, өздерін басқа замандастарымен салыстырғанда, әріптестерімен салыстырғанда қаншалықты өскенін ажырата алады. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу