Атырауда «Тұлғалар аллеясы» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда «Тұлғалар аллеясы» ашылды

19.04.2019

Атырауда «Тұлғалар аллеясы» ашылды. Онда ел  дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар қайраткерлердің  ескерткіш мүсіндері  қойылған. Салтанатты рәсімге зиялы қауым өкілдері мен кемеңгер тұлғалардың ұрпақтары қатысты.

Бұл - Қазақ руханиятына үлшеусіз үлес қосқан кемеңгер тұлға, Әбіш Кекілбаевтың бюсті. Қасқайып тұрған қаламгердің мүсіні,  қаймана қазаққа   жігер берері сөзсіз.

Дәулет Кекілбаев Ә.Кекілбаевтың ұлы:

Мынандай кісілерге бюсттер салу, оның ішінде менің әкемнің бюсті тұрғанына мен өте қуаныштымын. Жас студенттер өтіп бара жатып осы студенттерге қарап, осы кісілердің баталарын алады ғой.

Атақты жырау Мұрат Мөңкеұлы, Алаш қозғалысының қайраткері Бақтыгерей Құлманов,  Этнограф Мұхамбет-Салық Бабажанов сынды бір топ зиялының бейнесі сомдалған.  Ұлттың жоғын түгендеп, барын биікке көтерген марқасқа тұлғалардың тағылымы - ұрпаққа үлгі.       

Абзал Талтенов, Х.Досмұхамедов атындағы атырау мемлекеттік университетінің ректоры:

Осы кісілерге бой түзеп өссе деген, осы кісілер сияқты отанын сүйюге, елге адал қызмет жасауға ұмтылса ол біздің білім беру мен қатар, рухани жастарды тәрбиелейміз деп есептейміз.

Жандос Темірғали, тілші:

Бұл туындылардың авторы мүсінші Зульфия Тілеубердіқызы. Қоладан құйылған әр бюсттің биіктігі, тұғырымен есептегенде 3 метрге жуықтайды.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында   ұлт зиялыларының есімі жаңғырды.  Университеттегі жастар  үшін  тұлғалар аллеясы енді  ардақты орынға айналмақ. 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу