Елордадағы Қазақ агротехникалық университетінде «Тұңғыш» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы Қазақ агротехникалық университетінде «Тұңғыш» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды

18.04.2019

Қазір халық мұражайға бас сұға бермейді. Сол себепті мәдени орындарда сақталған тарихи жәдігерлерді халықтың ортасына апарып көрсету керек. Бұл орайда көшпелі көрменің берері зор. Осындай көрме елордадағы Қазақ агротехникалық университетінде ұйымдастырылды.

«Тұңғыш» деп аталатын көрмеге Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасындағы құнды құжаттар мен экспонаттар қойылды. Келушілер мұражайда сақтаулы тұрған бірегей материалдарды жақыннан көре алады. Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан 20 жыл бұрын жұмыс орнында пайдаланған кеңсе бұйымдары, шетелдік қонақтардың берген ерекше сыйлықтарын қолмен ұстап көруге де болады. Студенттер, Елбасының даңғыл жолын бейнелейтін бірегей материалдар кешенін тамашалады. Сирек кездесетін кадрлар, суреттер мен архив құжаттарымен де танысты. Тұңғыш Президенттің жасампаз идеялары мен бастамалары топтасқан бейнеролик те ұсынылды.

Әмірхан Рахымжанов, Елбасы кітапханасының директоры:

- Бұл көрменің ерекшелігі сол - студенттер жәдігерлерді қолмен ұстап көреді. 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу