Киноидустрияға айрықша көзқарас - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киноидустрияға айрықша көзқарас

28.03.2019

Отандық кинотуындылар мен өзге де медиа жобаларды қаржыландыру мақсатында құрылған «Bilte Invest» компаниясы ресми түрде жұмысын бастады. Бұл туралы Алматыда осы ұжымның өкілдері және кино майталмандарының қатысуымен өткен баспасөз маслихатында айтылды.

Аталған компания медиа және ойын-сауық саласына қаржы құюды көздейді. Сапалы, мағыналы дүние жасауды мақсат еткен олар жуырда көрермен назарына алғашқы жобаларын ұсынады. Алдағы уақытта балаларға арналған, тәрбиелік мәні зор көптеген жобаларды да қолға алмақшы. Отандық медиа жобалардың сапасы мен деңгейін арттырып, сол туындыларды тек Қазақстанда емес, әлемдік нарыққа шығаруға ниетті. 

Едіге Қожахмет, «Bilte invest» компаниясының құрылтайшысы:

Тек Қазақстан деп қарайтын болсақ, ол нарық жағынан да шектеулі. Сол Қазақстанның мүмкіндігін әлемге жаюға толықтай патенциалымыз бар. Сол тұрғыдан біз бірден халықаралық байланыстарды қатар алып жүрсек деген ниетпен осы инвестициялық қордың, инвестициялық компанияның құрамына шетелден инвесторларды да шақырдық. Одан бөлек, Қазақстанның ішкі өзіміздің кәсіпкерлер, қаржыгерлі инвесторлар бұл жобаның ішінде бар.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ                                

Хабарламаларға жазылу