Алматыда «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі көрсетілді

27.03.2019

Кинотуындының екінші маусымында қандай оқиғалар өрбиді? Ұлы даланың қайталанбас күндерін бейнелейтін көпсериялы туынды талғампаз көрерменнің көңілінен шыға ма?

Кинотуындының екінші маусымында Жәнібек пен Керей хандардың Әбілқайыр Шайбани ұрпақтарымен Сығанақ қаласына таласы бейнеленген. Бұл - Қазақ хандығындағы ең күрделі кезеңдердің бірі. Шым-шытырық оқиғалар он сериалға сыйғанымен, тұсаукесер рәсіміндегі картинаға тек негізгі шайқастар кірген.

Рүстем Әбдіраш, «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмінің режиссері:

- Қазір белгілі бір деңгейге біздің киномыз ақырындап биіктерге көтеріліп келе жатыр. Соңғы жасалған тарихи фильмдермен салыстыратын болсақ, біздің бюджет он есе аз деп айта аламын.

10 сериялы тарихи туындының сценарийін танымалистория борьбы казахских ханов – Керея и Жанибек жазушы Смағұл Елубай жазған. Фильмдегі диалогтардың авторы Ерлан Төлеутайдың айтуынша, кинокартинаның кез келген сериясы жеке бір фильмге татиды. Себебі әр бөлімдегі эпизодтар қайталанбайды.

Ерлан Төлеутай, «Алтын тақ» фильмі диалогтарының авторы:

- 500 сағаттан аса видео түсірілді бұл фильмде. Содан біз 10 сағаттық фильм шығардық. Бұл енді сериал форматында.

«Қазақ хандығы» сериалының бірінші маусымы талғампаз көрерменнің тарихқа деген қызығушылығын оятып, YouTube желісінде 4 миллионнан аса қаралым жинаған. Мәселен, қазақ тіліндегі нұсқасының қаралымы 1,5 миллионнан асқан. Ал, орысшаға аударылған фильмді әлемнің әр қиырынан 3 миллион адам көрген.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу