Қарқаралы қаласында Ұлыстың Ұлы күні 200-ге жуық бұлақтың көзі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарқаралы қаласында Ұлыстың Ұлы күні 200-ге жуық бұлақтың көзі ашылды

22.03.2019

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында 200-ге жуық бұлақтың көзі ашылды. Әр көктемде өткізілетін тағылымды шараға ауыл ақсақалдары, жастар жаппай қатысты. Мамандардың айтуынша, Қарқаралыдағы 112 мың гектар аумақты алып жатқан ну орманда өсімдіктің 700-ден астам түрі өседі және аң-құстың 190 түрі мекендейді. «Мақсатымыз - табиғаттың осы байлығын сақтап қалу», - дейді жергілікті жұрт.

Соңғы жылдары игі жұмысқа ерікті түрде қатысатын белсенді жастардың қатары артып келеді. Биыл да мектеп оқушылары бір кісідей орманға бет түзеп, құстың ұясын орнатты, қыстан қалған күл-қоқысты жинады.

 Тілек Сәдуақасов, Қарқаралы қаласының тұрғыны:

Әз-Наурызымыз келді. Осыған байланысты қазақта көптеген жоралғылар бар. Соның бірі - бұлақтың көзін ашу. Бұлақтан бүкіл тіршілік нәр алады. Біздің үлкендер келешек жастарға үлгі болу үшін осы дәстүрді жалғастырып келеміз.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу