Қостанайда Наурыз мейрамына орай халықаралық бишілер фестивалі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда Наурыз мейрамына орай халықаралық бишілер фестивалі өтіп жатыр

18.03.2019

«Наурыз достарды шақырады!». Қостанайда осындай атпен халықаралық бишілер фестивалі өтіп жатыр.  Хореграфия өнеріне арналған мұндай ауқымды шара облыста алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан  елдерінен алты бишілер тобы келді.

Фестивальға барлығы 11 өнер ұжымы қатысқан. Олардың барлығы да түрлі сайыстарда топ жарып, жүлде алып жүргендер. Мақсат – Наурызды тойлайтын өзге ұлттардың басын қосып, мәдениетін бір арнаға тоғыстыру.   

Ерлан Қалмақов, облыстық Мәдениет басқармасының басшысы:

Әрқайсысының өз бағдарламасы бар. Бірақ, бәріне ортақ талап – өздерінің ұлттық биімен бірге, қазақ биін де көрсетуі тиіс.  Осы фестиваль  арқылы халықтар достығы, осы Наурыздың  татулық, бірлік мейрамы екені айқын көрінеді деп сенеміз.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу