Астанада Көрісу мерекесі тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Көрісу мерекесі тойланды

15.03.2019

Көрісу күнін атап өткен елордада тұрып жатқан оралдықтар. Батыс өңірінде дәріптелген дәстүрді Өнер институтының студенттері насихаттады. Қонақтарға ақ дастархан жайылып, тәтті бауырсақ ұсынылды. Осы ғұрыптың аясында мерекелік ән-күй де орындалды.

Көрісу күнінде өткен кеште көпшілік бір-бірімен хал сұрасып, өткен-кеткенді әңгімелеумен шектелмеді. Халқымыздың төл өнерін жаңғыртты. Бірі дәстүрлі, халық әндерін айтса, екіншісі мерекенің маңызын түсіндірді. Жаңа жылда жиналған халық бір-біріне жақсылық тілеп, өнерпаздарға қолдау көрсетіп отырды.

 

Хабарламаларға жазылу