Қазақ музыканттарының Еуропаға гастрольдік сапары сәтті аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ музыканттарының Еуропаға гастрольдік сапары сәтті аяқталды

11.03.2019

Дәстүрлі әнші Айдана Қаржаубаева, қобызшы Әйгерім Әшімова, домбырашылар дуэті мен «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі Монте-Карло, Канн, Париж қалаларында бірнеше күн өнер көрсеткен болатын. Мәдени шара еліміздің Франциядағы елшілігінің және Монакодағы құрметті консулдың қолдауымен Жастар жылына орай ұйымдастырылды. Жас өнерпаздар қазақтың дәстүрлі әнін шырқап, күйін күмбірлетті.

Көпшілік ұлттық аспаптардан шыққан сиқырлы үннен Ұлы даланың ғажайып сарынын естіп, қазақ еліне виртуалды саяхат жасады. Музыканттардың кәсіби шеберлігіне тәнті болған Франция жұрты таланттарға қошеметті жаудырды.

Сильвана Лоренц, француз жазушысы:

- Мен Қазақстанда болдым. Оның керемет атмосферасын бүгін концертте қайта сезіндім. Сырлы музыка, табиғаттың көрінісі мені Қазақстанға қайта сапарлатты. Осындай керемет концертті тамашалағаныма қуаныштымын.

Бернадетт Бельтран, көрермен:

- Бүгінгі кештің куәсі болғаныма бақыттымын. Мен де екі жыл бұрын Астанадағы «EXPO»-ға барып, Қазақстанмен, қазақ мәдениетімен алғаш таныстым. Әртістеріңіз осындай тамаша концерт қою арқылы біздің көңілімізді бір марқайтып тастады. Жақын күндері Қазақстанға тағы да сапарлаймын.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу