Астанада «Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері» атты кітаптың таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері» атты кітаптың таныстырылымы өтті

05.03.2019

Елордада еліміздің жас дипломаттары туралы «Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Тұсаукесерге Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, жас дипломаттар және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары қатысты. Кітапқа 26 жаңа есім енген. Шығарманың алғы сөзін еліміздің бұрынғы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жазған.

Еңбекте Қазақстанда туып-өскен жас дипломаттар туралы әңгімеленеді. Жалпы, бұл жоба былтыр жазда, Қазақстан дипломатиялық қызметінің 26 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды.

Темірлан Сайлауұлы, ҚР СІМ екінші хатшысы:

- Үлкен тәжірибелі дипломаттар отыр залда. Олар өз тарихын айтып жатыр. Қазақ дипломатиясы қалай құрылды? Қиындық болды ма? Сол туралы қызық әңгіме айтып беруде.

Хабарламаларға жазылу