Ұлттық арнаның көктемгі маусымда көрерменге ұсынары көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнаның көктемгі маусымда көрерменге ұсынары көп

26.02.2019

Әсіресе, әз-Наурызға әзірлік ерекше. Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурыз-думан» атты мерекелік жоба және «Қош келдің, әз-Наурыз» халықаралық телекөпірі жоспарланған. Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан мен еліміздің әр өңірінен мерекені тойлау барысы тікелей эфирде көрсетіледі. Осы және басқа да жобалар туралы «Qazaqstan» корпорациясының төрағасы Ерлан Қарин баяндап берді.

Наурыздағы тартулардың бірі – «Топыраққа тамған тер». Бұл телехикаяда ауыл өмірі тереңдей көрініс тапқан. Ал, көптен күткен «EQUUS. Жылқы тарихы» трилогиясы эфирге 21 наурыздан бастап шығады. Сондай-ақ, «Серпін», «Жаһан-сарап», «Беу», «New qazaq wave», «Әзіл-мәзір», «Кім білгір?» атты алты бірдей жаңа жоба көрерменге жол тартады. Ал, бұрыннан келе жатқан ақпараттық, сараптамалық және ойын-сауық бағдарламалар жаңашаланып, жалғасын табады. «Qazsport» пен «balapan»-ның да жағымды жаңалықтары жоқ емес. Спортсүйер қауым үшін футболдан Еуропаның үздік ұлттық чемпионаттарының ең қызықты матчтары көрсетілсе, кішкентай көрермендерді «Баламен сұхбат», «Кім тапқыр?» сынды жобалар қуантады.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу