Астана күніне орай «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблі құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана күніне орай «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблі құрылды

06.07.2016
Астана күніне орай «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблі құрылды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен әсем Астана күніне орай «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің тұсауы кесілді. Ұмыт қалған көне әрі дәстүрлі музыканы қайта жаңғыртып, бүгінгі буынның ұлттық мұраға деген іңкәрлік сезімін оятуды көздеген жаңа ансамблдің мерейі үстем болмақ. Себебі, ұжымда домбыра, прима, аса таяқ, шіңкілдек, жетіген, сусылдыр, шертер, адырна, шаңқобыз, қылқобыз, сазсырнай, тоқылдақ, дауылпаз сияқты көне аспаптардың құлағында ойнаған дәулескер өнерпаздар бар.

 

Алмат Әбдіраман      

Хабарламаларға жазылу