Тарихи-мәдени мұра қорғалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарихи-мәдени мұра қорғалады

13.02.2019

Елімізде археологиялық қазба жұмысын жүргізу ережелері қатаңдатылады. Бүгін Мәжіліс депутаттары «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Арнайы сараптама институты енгізілмек. Тарихы мен танымы, қуаты мен қарымы бөлек  Қазақстан  осы нысандар арқылы туризмнің әлеуетін арттыра алады. Құжат барлық олқылықтың орнын толтырып, музей қызметкерлерінің жалықысының артуына да сеп болуы мүмкін. Индира Бегайдар жалғастырсын.

Өнерді өрнектеп, тарихты түгендеп,  дәстүрді дәуірлеттік. Көптеген тарихи мәдени нысандарымыз бар. Алайда оны жаһан жұртына көрсете алмай жүрміз. 1992 жылдан бері тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау туралы заң жаңармаған. Қолданыстағы құжат Кеңестік кезеңнің талаптарының тұрғысынан жасалған. Жартысынан астам норманы өзгерту қажеттілігі туды. Сондықтан, оған өзгеріс енгізгенше, жаңа заң қыбылдау қажет деп танылды. 

Қазіргі таңда археологиялық жұмыстар нәтижесінде қандай жәдігер табылып жатқанына бақылау жоқ. Жеке археологиялық экспедициялар қайда барды? Жәдігерді кімге өткізді? Беймәлім. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленген құжат оң өзгерістерді көздейді. Ескерткіш ашылған күннен тарихи мұра ретінде танылмайды. 3 жылға есепке алынады. Одан кейін зерттеледі. Барлық археологиялық жұмыстар жоспар аясында жүргізіледі. Жоспардан тыс жүргізілсе, ол заңсыз деп танылады.

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Заң жобасына өкілетті органға және жергілікті атқару органдарға тарихи-мәдени мұра объектілерінің жағдайына мониторинг жасау құзіреті беріледі. Сол арқылы жағдайы нашарлған объектілері нашарлағандарын дер кезінде анықтауға мүмкіндік туады.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Тарихи қалалардың тәжірибесі зерделеніп, Азиялық елдермен қатар Еуропалық елдердің тарихи қала құрылысы реконструкциялау әдістерімен қарастырылуда.  Бүгінгі таңда тарихи-мәдени мұра объектілердің саны 25 мыңнан асады.

Қазір елімізде «қара археологияның» дәурені жүріп тұр. Себебі, жеке тұлғалар лицензияны оңай ала алады. Енді лицензия алу үшін талап қатаңдатылады. Сондықтан археологиялық қазба жұмыстарын жүргізетін ұйымдарда ғылыми қызметкер жұмыс істеуі қажет деген талап бар.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Президент Нұрсұлтан  Назарбаев былай айтқан еді «...біз қоғамдық сананы жаңғыртудың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі кешенді жұмыстарды жалғастырамыз. Оның аса маңызды міндеттерінің бірі – тарихи-мәдени мұраларды қорғау және танытуды қамтамасыз ету болып табылады»

Арихи жіне мәдени ескерткішлтердің тізімін белгіленеді. Бұл бағыт ескерткіштерді күтіп ұстауға, қаржы бөлуге  жол ашады.  Қазір археолог мамандығын алғандарға жұмысқа орналасу қиын,  сондықтан факультеттер жабылып жатыр. Құжат қабылданса, маман қажет болады, оқу орындары жабылған факультеттерді қайта ашады. Өңірлердегі музейлердің де жұмысы жанданады. Осыған дейін құжат жұмыс топтарында да, Түркістанда өткізілген көшпелі отырыста да талқыланды. Жүзге жуық түзету түсіп, бүгін бірінші оқылымда мақұлданды.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу