Ауыл балаларының арасында республикалық олимпиада өтіп жатыр
Ауыл мектептерінің оқушылары арасында өткен республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Еліміздің барлық өңірінен 475 оқушы финалға шығып, оның 200-і жеңімпаз атанды. Білім бәйгесінде оза шапқандарға 36 алтын, 66 күміс және 98 қола медаль берілді. Сондай-ақ, еліміздің жетекші оқу орындарының бес ректорлық гранты берілді. Командалық есеп бойынша да гран-при және дипломдар табысталды.
Әлихан Әбдірашит, Ауыл Олимпиадасының 3 орын иегері:
Республикалық деңгейде бірінші рет қатысуым, осыған дейінгі олимпиадаларға сәл деңгейім жетпей, басымдық төмен болып республикалық деңгейге келе алмадым.Мен өзім сияқты қатарластарыма жалқау болмай, тек зейінді олимпиадаға , ҰБТ-ға дайындалып жатқан пәндерге зейінді қойып нақты соған дайындалуды ұсынар едім.Жүлдегерлердің барлығы «Дарын» Республикалық сырттай оқу орнына қабылданып, болашақ интеллектуалдық жарыстарға дайындалады. Айта кетейік, аталған олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 13 пән бойынша төрт кезеңде өтеді. Биылғы оқу жылында 125 мыңнан астам оқушы қатысыпты. Ал, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы олимпиада 9–14 желтоқсан аралығында Астанада өтеді.
Майра Мелдебекова, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:
Осыдан үш жыл бұрын мына ауыл мектептерінде білім алған балаларды жеке өздерімен бақ сынасын, жеке бәсекелестікте білімдерін сынасын деген осындай шешім қабылдап, ауыл мектептерінің олимпиадасы жеке өтуде. Жүзден жүйрік болып, мыңнан тұлпар болып осы залда отыруларыңызбен шын жүректен құттықтаймын.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16