Болашақ жұмыс мамандардың чемпионаты өтті
Таразда темірден түйін түйген токарь мен дәнекерлеуші жастардың сайысы өтті. «TemirSkills» чемпионатына облыстағы 10 колледждің студенттерінен және Қырғызстаннан келген жастар қатысты.Барлығы жұмысшы мамандықтар бойынша 1-ші, 2-ші курста оқиды. Олар темір бөлшектерін дәлдікпен дәнекерлеп, жаңқалап жону бойынша сынға түсті. Жарысқа келген жігіттерден қыздар да қалыспады. Бұрымдылар үшін темір дәнекерлеу таңсық іс емес. Виктория Киселёва болат балқыту, темір кесу отбасылық кәсіпке айналғанын айтады. Әкесі мен ағасы дәнекерлерлеуші болғандықтан, колледжге білім, білігін жетілдіру үшін түскен.
Виктория Киселёва, студент:
Дәнекерлеуші боламын дегенде ата-анам қарсы болмады. Қайта қолдап, ақылдарын айтты. Алғашқыда аспаз мамандығына түскен едім, бірақ темір дәнекерлеу ісі өзіне тартып тұрды. Сөйтіп мамандық ауыстырдым. Басында ұсақ заттарды дәнекерлеп жүрдім. Бүгінде орындық, үстел секілді тұрмыстық заттарды оңай еңсеремін.Облыстық чемпионатқа алыс аудандардан ауыл балалары да қатысты. Олар 5 сағатқа созылған жарыста ортақ тапсырманы орындады. Қазылар құрамы қауіпсіздік талаптарынан бастап, жеке шеберлік пен тазалыққа дейін таразылады. Айта кетейік, аймақтағы колледждерде жұмысшы мамандықтар бойынша 12 мың студент тегін оқиды.
Жеңіс Тайбеков, колледж директорының орынбасары:
Басқа республикадан келген кісілермен тәжірибе алмасу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты арттыру, иммиджін арттыру мақсатында ашылып жатқан өтіп жатқан іс шара. Биыл бұл бірінші рет болғандықтан ендігі жылы жалғасады деген ойлаймыз.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16