Басты Жаңалықтар «Ауыл нақыштары» фотобайқауының жеңімпаздары анықталды

«Ауыл нақыштары» фотобайқауының жеңімпаздары анықталды

«Ауыл» партиясы ұйымдастырған республикалық «Ауыл нақыштары» фотобайқауының жеңімпаздары анықталды.

Өнер сайысы «Ауыл пейзаждары», «Еңбек адамының фотопортреті», «Фоторепортаж» және «Ауылдағы бақытты балалық» деп  аталатын бірнеше аталым бойынша өтіп, оған Қазақстанның 20 өңірінен 678 фотограф қатысты. Әділ қазылар алқасы ұсынылған 3 366 жұмыстың үздіктерін саралап, ақшалай және естелік сыйлықтар берді. Ал бас жүлде иегеріне демеушілер мен меценаттардың көмегімен 5 млн теңге табысталды.  Айта кету керек, жұмыстары үздік деп танылған 10 финалисттің ішінен жеңімпазды Telegram чатында азаматтар дауыс беру арқылы анықтады.

Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

Байқаудың мақсаты біздің ауылымызды көрсету, ауылдың тыныс-тіршілігін көрсету. Былтырғы өткен байқаудың негізінде ең үздік жұмыстарын басылым ретінде альбом қылып шығардық. Соны ертең барлық елдегі кітапханаларға, мектептерге жібереміз. Оның құндылығы неде? Осы керемет жұмыстарда біздің ауылдың көріністері, біздің балалық шақ өткен уақыттарымыз, ауылдағы еңбек адамының еңбегі, жалпы біздің ауылдың кермет табиғаты бейнеленген. Енді маман қалай көреді ауыды, сол өзінің жұмыстарын сол бойынша бейнелеп жіберген.
 

Бөлісу