Цифрлық штаб Digital Qazaqstan-ның кең ауқымды цифрландыру стратегиясының моделін бекітті
Бүгін Үкіметте өткен штаб отырысында Digital Qazaqstan бағдарламасы аясында кең ауқымды цифрландыру стратегиясының моделі қаралып, бекітілді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, жаңа модель 10 негізгі бағытты қамтиды. Мәселен, білім саласында «Жасанды интеллект негізіндегі интерактивті білім беру» жобасында ЖИ-университетін құру, Tomorrow-school-ды кеңейту, GPT Education енгізу және оқушыларға арналған ЖИ бағдарламасын іске қосу көзделеді. Бұдан бөлек, цифрлық экономика, киберқауіпсіздік, робототехника, цифрлық инфрақұрылым, реттеу және стартаптар экожүйесі құрылмақ. Үкімет басшысы Digital Qazaqstan-ның цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі стратегия жобасын жыл соңында аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16