Президент Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкекке барды
Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкекке барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Манас әуежайында Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды. Сондай-ақ қырғыз өнерпаздары мәртебелі мейманның құрметіне «Отаным менің Қазақстаным» әнін орындап берді.
Мұнан соң мемлекеттер басшылары «Ала-Арча» резиденциясында бейресми кездесу өткізді. Резиденциядағы «Кыргыз айылы» этнографиялық кешенінде мәртебелі меймандарға қырғыз халқының тұрмыс-салты мен мәдениеті таныстырылды.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында қырықтан аса экожоба ұйымдастырылған
09.06.2026, 13:24
660 сарбазға білім гранты табысталды
09.06.2026, 13:21
Астанада ІІІ халықаралық архившілер конгресі өтуде
09.06.2026, 13:18
Заң үстемдігі – қоғам тұтастығының кепілі
09.06.2026, 13:16
Жапондар пайдаланылған өсімдік майын авиаотынға айналдырмақшы
09.06.2026, 13:15
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 13:12
4 айда негізгі капиталға салынған инвестиция – ₸4,9 трлн
09.06.2026, 13:09
Заң үстемдігі – қоғам тұтастығының басты кепілі
09.06.2026, 13:06