ҚХА 30 жылдығы қорытындыланды
Елімізде бейбітшілік, келісім және бірлік жолында ашылған Достық үйлерінің қатары көбеймек. Бұл жөнінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылауға арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты республикалық форумда айтылды. Телекөпір форматында өткен жиында өңірлер жұмыс нәтижелерін, үздік тәжірибелерін таныстырды. 30 жыл ішінде ел бойынша 10 мыңнан астам шара ұйымдастырылып, оған 1 миллионнан аса азамат қатысқан. Форумда Ассамблея белсенділерінің, ардагерлердің, жастар мен волонтерлік ұйымдарының, сондай-ақ меценаттардың еңбегі ерекше аталды. Бүгінде Ассамблея құрамында мыңнан астам этномәдени бірлестік пен төрт мыңнан астам қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Елдегі 36 Достық үйін толықтыратын, тағы 3 жаңа Достық үйінің құрылысы жүріп жатыр.
Ел көлемінде мазмұны терең, ауқымы терең, әрі қоғамның түрлі саласын қамтитын іс шаралар кешені жүзеге асырылды. Осы мерейтойлық бастамалар Ассамблеяның үш онжылдықтағы жетістіктерін жаңаша қырынан көрсетіп, оны ел өміріндегі маңызын айқын танытты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы