Қазақстанның білім саласы Өзбекстанға үлгі
Көршілес өзбек елі Қазақстанның «Болашақ» бағдарламасына қызығушылық танытып отыр. Еліміздің осы бағыттағы тәжірибесін тереңірек зерделеуге ынталы. Бұл туралы Ташкентте өткен QS Eurasia Forum 2025 халықаралық жиынында айтылды.
Басқосуға ғылым және жоғары білім министрі мен жоғары оқу орнының басшылары қатысты. Біздегі білім беру бағдарламаларының озық үлгілерін, ғылыми бастамалар мен тәжірибелерін ұсынды. Форумда академиялық ұтқырлық, трансұлттық білім беру және кадр даярлаудағы жаңашылдықтар қамтылды. Орталық Азия мен Еуропа елдерінің жетекші сарапшылары жоғары білім саласындағы трендтер, сын-қатерлер мен даму перспективаларын талқылады.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Сапалы білім шетелден талапкерлердің келуіне ықпал ететін негізгі фактор. Қазір академиялық туризм деген түсінік қалыптасқан. Сырт елден келіп білім алушылар көбейсе, оның экономикалық тиімділігі де артады. Мәселен Қазақстанда биыл тарихи рекорд тіркелді. Қазір бізде 35 мыңға тарта шетелдік студент оқып жатыр.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13