Басты Жаңалықтар Өскеменде ауа құрамын зерттейтін жылжымалы зертхана іске қосылды

Өскеменде ауа құрамын зерттейтін жылжымалы зертхана іске қосылды

Өскемен қаласының ауасын зерттейтін жылжымалы зертхана пайдалануға берілді. Кешенде мамандар  ауа құрамына қатысты 11 түрлі терең талдау жасай алады. 65,5 миллион теңге тұратын зертхананы алуға екінші деңгейдегі банктердің бірі демуші болды. Бұрын экологтар қаланың ауасына қолға ұстайтын құрылғылар арқылы зерттеу жүргізетін. Алайда оның техникалық мүмкіндігі шектеулі. Ал жылжымалы зертханамен мамандар  кез-келген уақытта, қандай ауа райы болса да онлайн жұмыс істей береді. Зерттеу қорытындысы талданып өндіріс басшылары мен құзырлы органдарға жолданады.

Нұрымбет Сақтағанов,облыс әкімі:

Енді осы машинамен  кез-келген жерге барып тоқтап, сол жерде өздеріңіз көрдіңіздер  желдің қай бағыттан келіп жатқнын шығарындылардың қай жерде орын алайын деп отырғанын көріп қажетті зерттеу жұмыстарын машинаның ішінен шықпай-ақ машинаның ішінен жүргізе  береді.  

Жалпы Өскеменде жел соқпаған күндері қаланы қою түтін мен тұман басады. Ондай күндері  тыныс жолдары ауыратын тұрғындар қиналады.Ал ауаға құрамында түрлі химиялық элемент бар түтін аралас газ шығаратын ірі өндірістер мен жылыту орталықтарына жүктемені мейілінше азайтуға ұсыныс беріледі. Қаланың экологиялық ахуалын оңалту үшін былтырдан бастап «Өскемен тынысы» деген бюро құрылған. Қоғамдық  ұйым тоқсан сайын бас қосып атқарылған жұмыстың есебін шығарып, құзырлы огандарға ұсыныс береді.

 

 

Бөлісу