Басты Жаңалықтар Анкара мэріне қатысты тергеу жұмыстары басталады

Анкара мэріне қатысты тергеу жұмыстары басталады

Түркияның Ішкі істер министрлігі ел астанасы Анкара қаласының мэрі Мансур Явашқа қатысты тергеу амалдарын жүргізуге рұқсат берді. Бұған дейін қалалық прокуратура шахар басшысы мен оның жеке хатшысына қатысты лауазымын асыра пайдаланғаны үшін тексеру жұмыстарын бастауға рұқсат сұраған. Түркия заңнамасына сәйкес прокуратура жоғары лауазымды қызметкерлерге қатысты тергеуді Ішкі істер министрлігінің рұқсатымен ғана жүзеге асыра алады. Қыркүйек айында Анкара қалалық мэриясы концерт өткізу үшін жарияланған тендерлер арқылы 3,6 млн доллар жымқырған деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Оған сай 14 адам қамауға алынған еді. Енді осы іске қатысы бар деген күдікпен қала басшысы да тергеледі. Жыл басында қала бюджетін өз мақсатына жаратты және қылмыстық топ құрды деген айыппен Ыстанбұл қаласының басшысы Екрем Имамоғлы да қамауға алынған еді.

Бөлісу