Басты Жаңалықтар Түркістан облысында субсидия қаражатын жымқырғандар сотталды

Түркістан облысында субсидия қаражатын жымқырғандар сотталды

Түркістан облысында жоқ малды тіркеп, субсидия жымқырғандар сотталды. Сауран ауданында  ветеринария қызметінің мамандары мен ауыл тұрғыны өзара сөз байласып, 271 млн теңге субсидияны бас пайдасына жаратқан. Тергеу барысында анықталғандай, аудандық ветеринария саласының 4 қызметкері ауыл тұрғынымен келісіп, ақпараттық жүйеге 100 мыңға жуық ұсақ малды шаруа қожалықтарының атына заңсыз тіркеген. Алайда бұл малдар шаруада болмаған. Сол арқылы мемлекеттен бөлінген субсидияны алаяқтық жолмен иемденіп, өзара бөліскен. Соттың шешімімен кінәлі деп танылған 5 адамның төртеуі  5 жыл екі айға бас бостандығынан айырылды. Бір сотталушыға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, кейіннен ол  рақымшылыққа ілінді. 

Ербол Шынәділ, Түркістан облыстық прокуратурасының арнайы прокуроры:

Мемлекеттің пайдасына 50 млн теңге өндірілді. Сонымен бірге 120 млн теңгелік мүлікке тиым салынды. Түркістан облыстық прокуратурасы мемлекеттен бөлінген субсидия қаражатын жымқырғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.
 


Бөлісу