Жамбыл облыстық перзентханасында сәби өлімінен кейін қызметтік тексеру басталды
20 мың теңге берсе ғана сәби өмірін сақтап қала ма? Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәрестенің қайтыс болуына қатысты қызметтік тексеру басталды. Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны жүктілігінің 41-ші аптасында перзентханаға жағдайы тұрақты хәлде түскен.
Бірақ ол
босандыру кезінде алтыншы баласынан айырылып қалды. 4 келі 400 грамм боп туған
бала бір жарым сағаттан кейін шетінеген. Жақындары сәби өліміне дәрігерлерді
кінәлап отыр. Айтуларынша, ақ халаттылар кесарь тілігін жасауды кеш ұсынған.
Салдарынан 35 жастағы әйелдің жатырын алып тастауға тура келген. Ал баласынан
айырылған ана босанарға дейін акушер 20 мың теңге сұрағанын айтқан. Осыдан
кейін жақындары жиналып, перзентхана алдында шу шығарды. Олар ақша
бермегендіктен нәресте өміріне немқұрайлы қарады деп санайды. Қазір оқиғаға
қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жүріп жатқанын
хабарлады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы