Басты Жаңалықтар ШҚО-да колледждер дуальді оқыту бағдарламасына толық көшті

ШҚО-да колледждер дуальді оқыту бағдарламасына толық көшті

Шығыс Қазақстан облысындағы колледждер дуальді оқыту бағдарламысына көшті. Тек биыл өңірдегі 450 кәсіпорынмен келісім жасалады. Екіжақты келісімге сәйкес колледждің 3-4 курс студенттері оқып жатқан мамандығы бойынша кәсіпорында еңбек етеді. Нәтижесінде диплом алған соң бірден сол мекемеге тұрақты жұмысқа орналасады. Жұмысшы мамандарды даярлаудағы дуальді оқыту әдістемесінің тиімділігін тілшіміз Олжас Керейхан білуге тырысты. 

Өскемен көпсалалы технология колледжі дуальді оқыту бағдарламасына 10 жыл бұрын өңірде бірінші көшті. Бұл оқу әдістемесінің ерекшелігі әр кәсіпорын өзіне нақты  қажет маманды колледжбен бірілесіп даярлайды.

Мадияр Солташев, колледж студенті:

Біз бұл жерде көліктің құрылғыларымен танысамыз. Оларды жөндейміз. Дәл қазір 53 көлікті жөндеп жатырмыз.

Өскемендегі автопарктерде қазір білікті инженер, шебер және автобус жүргізушісі жетіспейді.Сондықтан кәсіпорын өңірдегі техникалық колледждермен келісім-шарт бойынша маман даярлауды қолға алды.

Шыңғыс Әбенов, автопарктің бас инженері:

Студент кезінен бастап баланы тәрбилеп, осы автопаркпен таныстырып, бәрін үйретеміз. Келешекте диплом алып, бізге дайын маман болып келеді.

Жақсы маман болу үшін  жақсы оқу әдістемесі болуы шарт. Негізінен техникалық маман даярлайтын көпсалалы колледжден жыл сайын 250-ден астам студент диплом алады. Олардың 95 пайызы бірден тұрақты жұмысқа орналасыды. Қазір оқу орны өңірдегі 80-ге жуық кәсіпорнымен меморандум жасаған.

Шынар Кекубаева, Көпсалалы технология колледжі директорының орынбасары:

Мұнда тек оқу орны ғана жауапты емес. Сонымен қатар кәсіпорындар да оқытылып жатқан, даярланып жатқан мамандардың сапасы мен мазмұнына жауапты. Енді кәсіпорындар дайын мамандар келетініне көздері жетті.

Облыста бүгінде жалпы 38 колледж бар. Ал 27 колледжде 5500 студент дуальді бағдарлама бойынша білім алады. Бүгінге дейін 450 кәсіпорынмен меморнадум жасалды. Колледж түлектерінің 90 пайызы жұмысқа орналасады.

Әлима Ақылбек,облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

Бізде жалпы дуальді оқыту жүйесі облыс бойынша 10 жылда бес есе өскенін көріп отырмыз. Бұрын 1 мыңнан басталған болса, бүгінгі күні 5 мың балаға артық.

Сонымен бірге олар жалақы алады. Сол жерде еңбекақы. Енді одан да жақсысы ол дуальді оқыту жүйесіндегі өткен уақыты студенттің еңбек өтіліне есептеледі.

Былтырдан бері әр колледжде құзыреттілік орталықтары ашылып жатыр. Ол орталықтағы мамандар әр студенттің сапалы білім алуын қадағалап, жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі.


Бөлісу