Е.Рыбакина эйс саны бойынша үздік атанды
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы да үздік атанды. Ол дүниежүзінде эйс саны бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Әйелдер теннисі қауымдастығының ақпаратынша, отандасымыз араға тоғыз жыл салып бір маусымда эйс санын 500-ден асырды. Мұндай көрсеткішке соңғы рет 2016 жылы чехиялық теннисші Каролина Плишкова жеткен. Ол бір жылда 530 эйс жасаған. Ал Ленаныкі одан 14-ке аз.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы Эр-Риядта өткен жылдың қорытынды турнирінде
топ жарып, әлемнің бірінші ракеткасын жеңген еді. Осыдан кейін ең көп табыс
тапқан теннисші ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Елена осы маусымда 8
жарым миллион доллар табыс тапқан. Сондай-ақ жерлесіміз былтыр Australian Open
турнирінде ең ұзақ тай-брейктің рекордын қойған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы