Кедендік тексерістердің 81 пайызында талап бұзылған
Биыл кеденде 830 тексеріс жүргізілген. Оның 81 пайызында кеден талаптары бұзылған. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлады. Тексерістердің қорытындысы бойынша 31 млрд теңге көлемінде қосымша төлем есептеліп, оның 24 млрды мемлекетке өндірілді. Бұл көрсеткіштер былтырмен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Яғни, қосымша есептелген сома 172 пайызға, ал өндірілген қаржы 266 пайызға артқан. Жалпы 534 әкімшілік іс қозғалған. Комитет декларацияда жалған ақпарат көрсету әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Ал төленбеген кедендік сома мөлшері 10 мың АЕК-тен асқан жағдайда, іс қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16