Шетелдегі қандастар атамекен ғылымына үлес қоспақ
Шетелде туып-өсіп, ғылым жолын қуған қазақтар бүгін тарихи отанында бас қосты. 40-тан астам ғалым «Отандас ғалымдар форумына» қатысты. Мұндай іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қонақтардың арасында медицина, агрохимия, тарих, филология, ЖИ және нанотехнология сынды салаларда еңбек етіп жүрген мамандар бар. Жиын олардың тәжірибесін елдің ғылыми-инновациялық дамуына және стратегиялық мақсаттарына бағыттауды көздейді. Форумға Қазақстан ғалымдары да қатысты.
Құрманбек Дәуітқан, медицина ғылымдарының докторы /Франция/:
Қытайдың Үрімжі қаласында туып, Шыңжаң медицина университетінде клиникалық емдеу мамандығын тәмамдадым. Францияға барғаннан кейін сол жақта оқуымды тәмамдап, жұмысқа тұрғаннан кейін Франция азаматтығын алғанмын. Баяндамамда алдымен Франциядағы психатриялық емдеудің жалпы жағдайын түсіндіре кетіп, сосын Қазақстанға өзімнің көрген-білгенім туралы жақсы бір үш мазмұнда ұсыныс айтамын.
Сондай-ақ жиында «Ұлы дала» халықаралық жобасы аясында шетелде тұратын қазақ
қаламгерлерінің кітаптары таныстырылды. Биыл жобаға 25 шығарма ұсынылып,
комиссия 9 еңбекті таңдап алған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Отандас
ғалымдар форумын» дәстүрлі түрде өткізу жоспарда бар. Ал биылғы басқосудан соң
арнайы жинақ шығарылмақ.
Данияр Қадыров, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті:
Бүгінгі тұсаукесерлер, баяндамалар болады. Сол баяндамаларды жинақ қылып шығарайын деп отырмыз. Жинақты біз осы Қазақстандағы ғалымдарға беріп, Қазақстандағы институттарға, университеттерге жеткіземіз.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркі академиясының құрылғанына 15 жыл
21.11.2025, 17:39
Ислам ынтамақтастығы ойындары: Семсершілер алтын алды
21.11.2025, 17:37
Алматыда Н.Уәлидің еңбектеріне арналған конференция ұйымдастырылды
21.11.2025, 17:35
Алматыда Ш.Уәлихановтың 190 жылдығына орай ғылыми шара өтті
21.11.2025, 17:33
СҚО-да қырық жыл болмаған күн райы тіркелді
21.11.2025, 17:30
«Таза Маңғыстау» экологиялық челленджі өтіп жатыр
21.11.2025, 17:28
Жамбылдық шаруалар қарыздарын төлей алмауда
21.11.2025, 17:20
Мемлекеттен бала туу және күтімге 692 млрд теңге төленді
21.11.2025, 17:17