Вьетнамда толассыз жаңбырдан 41 адам қаза тапты
Вьетнамның орталық бөлігінде үздіксіз жауыннан 41 адам қаза тапты. Жаңбыр демалыс күндерінен бері тыйылмай, арты тасқынға ұласқан. Бірнеше тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Ондаған мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. 52 мыңнан астам баспананы су шайды. 500 мыңдай үй, өзге де ғимараттар электр жарығынсыз қалған. Онсыз да ел соңғы айда «Калмаеги» мен «Буалой» атты сұрапыл тайфундардан орасан зардап шеккен еді. Тұрғындар әлі де сол табиғи апаттардан айыға қойған жоқ. Лам Донг провинциясында төтенше жағдай жарияланды. Ауа-райы болжамына сай, жауын жексенбіге дейін жалғасуы ықтимал.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16