Қаңтардың 15-і мен 29-ы аралығында қаладағы 30-ға тарта мейрамханада арнайы сет-меню жасалып, қонақтарға ұлттық және авторлық тағамдардың түр-түрі ұсынылады. Шараның басты мақсаты - өңірдегі қоғамдық тамақтандыру орындарының белсенділігін арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсарту. Осылайша, ұлттық ас мәзірін насихаттап, өңір қонақтарына қазақы қонақжайлықтың қандай болатынын паш етпек.
Сайрах Хамзин, облыстық рестораторлар мен отельерлер қауымдастығының төрағасы:
- Фестиваль аясында арнайы әлеуметтік акция ұйымдастырамыз. Әр мейрамханада «Қайырымдылық табағы» болады, бағасы 500 теңге тұрады. Қонақтар сатып алса, түскен қаржыны мұқтаж жандарға береміз. Сондай-ақ, бұл біздің өңірдің туризм саласына қосқан үлесі деп те бағалауға болады. Өйткені, қонақжайлылықтың бір белгісі - дәмді тағам. Сондықтан, біздің рестораторлар осы бағытта тынбай жұмыс істейтініне сенемін.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.