Басты Жаңалықтар Түркияда туристердің неден көз жұмғаны анықталды

Түркияда туристердің неден көз жұмғаны анықталды

Өткен аптада Германиядан Ыстанбұл қаласына қыдырып келіп, ауруханада көз жұмған төрт кісілік отбасының денелеріне жасалған зерттеудің алдын ала қорытындысы шықты. Оған сай марқұмдардың бұған дейін болжанғандай тамақтан емес, басқа химиялық заттан уланғаны белгілі болды. Осыған байланысты олар тоқтаған қонақ үйде қолданған төсек орындары мен химиялық заттар сақталған құтылар зерттеуге жіберілді. Бұдан бөлек туристер жатқан бөлменің төменгі қабатында сол күні дезинфекция жұмыстары жүргізілген екен. Мамандар қонақ үйдің ауа алмастыру жүйесі істен шыққанын анықтады. Осы оқиғаға байланысты қонақ үйдің иесі, дезинфекция жасаған компанияның басшысы мен бірнеше қызметкерін қосқанда 11 адам қамауға алынды. Олардың сегізі сот шешімімен тұтқындалды. Мәселені ел Президенті тікелей қадағалауға алатынын айтты. Ал ел аумағында қоғамдық тамақтану орындары мен қонақ үйлерді қатаң тексеру басталды.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының президенті:

Өткен аптада Ыстанбұлда көз жұмған шетелдік отбасының өліміне қатысты мамандарымыз жан-жақты тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Біз егістіктен бастап дастарханымызға дейінгі аралықта азық-түліктің сапалы әрі қауіпсіз болуын мұқият қадағалаймыз. Бізге қандай да бір өнімнің немесе қызметтің сапасына қатысты шағым түссе ешкімнің көз жасына қарамай тиісті шара қолданамыз.  
 

Бөлісу