ТМД аумағындағы ең ірі жылыжайда алғашқы өнім жиналды
Шымкентте ТМД аумағындағы ең ірі жылыжай кешенінде алғашқы өнімі жиналды. Жобаның жалпы құны 650 млн АҚШ долларына тең. Кешен толық іске қосылғанда 5 мың адам жұмыспен қамтылады.
Ернұр Уәлихан, тілші:
1 жыл бұрын ғана қазығы қағылған жылыжай кешенінде бүгінде 14 гектар аумаққа егілген алғашқы қызанақ өнімі жиналды. Мұндағы барлық процесс автоматтандырылған, ЖИ басқарады. Жарық, суару, климаттың әр параметрі компьютермен реттеледі. Яғни, бұл технология жылыжайды жыл бойына тұрақты өнім өндіруіне мүмкіндік береді.
Кешеннің жалпы аумағы 650 гектар. Елдегі ең ірі аграрлық жобаны жүзеге асыруға шетелдік инвесторлар қаржы салған.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылық министрі:
Ауыл шаруашылық саласындағы жол картасында біз жүргізіп жатқан 754 инвестициялық жоба бар. 5,5 трлн-ға үш жылға жасалған. Соның 151 инвест жоба биыл ашылды. Соның ішінде былтыр ғана қазығын қаққан «Аларко» компания бір жылдің ішінде өздерініздің көздеріңіз жетіп жатыр қаншама жұмыс істеген.
Жылыжай кешені толық іске қосылғанда жылына
155 мың тонна көкөніс жиналады. Ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана
қоймай, экспортқа да өнім жөнелту
жоспарда бар.
Айдын Кәрімов, қала әкімінің бірінші орынбасары:
Алдымызда екінші кезең 450 гектар бар. Соны бірігіп игереміз деген үмітіміз бар. Енді бұл тек ТМД кеңістігіндегі үлкен жылыжай ғана емес, сонымен қатар еліміздің тамақ өнеркәсібі, агроиндустрия саласындағы үлкен стратегиялық қадам.
Кешен аумағында агроакадемиялық орталық пен зертхана ашылып, ауыл шаруашылығы саласы үшін білікті мамандар даярланады. Бұдан бөлек Қайнарбұлақ тұрғын алабында инвестор тағы балабақша салмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы