Басты Жаңалықтар Парламенттік реформа жөнінде 300-ге жуық ұсыныс түскен

Парламенттік реформа жөнінде 300-ге жуық ұсыныс түскен

e-Otinish мемлекеттік платформасы мен eGov сервисінде «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі іске қосылған бір айдың ішінде азаматтар мен қоғам белсенділерінен 300-ге жуық ұсыныс түскен. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Мемлекеттік кеңесші Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қарин айтты. Оның сөзінше, бұдан бөлек 6 саяси партия өз ұсыныстарын жолдаған. Онда бір палаталы Парламенттің қызметі мен парламенттік партиялардың өкілеттігіне қатысты тетіктер қамтылған. Сонымен қатар, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшелері сараптамалық материалдар әзірледі. Жұмыс тобының екінші отырысын 2 желтоқсанда өткізу жоспарланған. Жиында ұсыныстар жекелеген бағыттар бойынша жан-жақты қарастырылады. Қасым-Жомарт Тоқаев келіп түскен барлық бастаманы жан-жақты қарап, олардың негізінде парламенттік жүйені жаңғырту бойынша нақты ұсынымдар әзірлеуді тапсырды.


Бөлісу