Израиль әуе күштері 25 адамды мерт қылды
Израиль әуе күштері Газа секторына соққы беріп, 25 адамды мерт қылды. Шабуылдан Зейтун ауданындағы бір ғимарат қирап, 10 тұрғын қаза тапқан. Құрбандардың ішінде бір әйел мен қыз бала бар. Израиль армиясы өз жауынгерлеріне оқ жаудырған «хамастық» қарулы топты нысанаға алғанын айтады. «Хамас» болса, Израиль сарбаздарына қауіп төндірмегенін мәлімдеп отыр. Айта кетсек, Газадағы атысты тоқтату режимі қазанның 10-да күшіне енді. Бірақ сол келісім бірнеше рет бұзылып, Израильдің әскери операцияларынан палестиналық анклавта бүгінге дейін 300 адам мерт болған.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16