Басты Жаңалықтар Трамп Эпштейн файлдарын жариялау туралы заңға қол қойды

Трамп Эпштейн файлдарын жариялау туралы заңға қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп сексуалдық қылмыс үшін сотталып, 2019 жылы Нью-Йорк түрмесінде қайтыс болған Джефри Эпштейн жайлы барлық файлдарды жариялау туралы заңға қол қойды. Осыған дейін Трамп бұл материалдардың жарық көруіне қарсы болған еді. Алайда Эпштейннің құрбандары мен өзінің Республикалық партиясы тарапынан қысым күшейгендіктен, Құрама Штаттар лидері бұрынғы позициясын өзгертуге мәжбүр болып отыр.

Педофил, қаржыгер Эпштейн Трамппен және өзге де танымал адамдармен 2008 жылы сотталғанға дейін дос болған. Алайда Ақ үй басшысы кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартумен айналысқан қылмыскермен қатынасын 2000-шы жылдардың басында үзгенін мәлімдеп келеді. Сонымен қатар Трамп Эпштейннің заңсыз істеріне өзінің еш қатысы жоқ екенін ескертті. 


Бөлісу