Қазақтілді авторлардың еңбектері БҰҰ-ның 6 тіліне аударылады

14.01.2019

Бүгін осы игі бастама аясында аудармашылар мен авторлар Астана төрінде бас қосып, алда атқарылар жұмыс бойынша пікір алмасты. Осы іске қатысы бар Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей және Қытай аудармашылары мен әдебиетшілері келген. Ілкімді іс - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі.

Жоба барысында Тәуелсіздік жылдары жарық көрген әдебиет пен мәдениет, музыка мен бейнелеу өнері, театр және кино саласындағы жетістіктерді әлемге таныту жоспарланған.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу