Медқызметкерлерге шабуыл жасағандарға жаза күшейеді
Енді медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Яғни, денсаулыққа орташа немесе ауыр зиян келтіргендер осындай жазаға тартылады. Бұл жөнінде депутат Асхат Аймағамбетов мәлім етті. Оның сөзінше, бұл өзгерістер медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Себебі соңғы кезде елімізде дәрігерлерге, жедел жәрдем жүргізушілеріне, фельшерлерге қол көтеру, балағаттау жағдайы жиілеп кетті. Енді медқызметкерлердің денсаулығына жеңіл зиян келтіргендерді 3 жылға дейін соттау көзделген. Бұдан бөлек, 3,5 млн теңгеден аса айыппұл салу да қарастырылған. Ал жалпыға ортақ заңда денсаулыққа жеңіл зиян келтіргендерге 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 786 мың теңге айыппұл салынады. Бұл әрекет медицина қызметкерлеріне жасалса, салынатын айыппұл 5 есеге дейін көп.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы