Түркістан облысында электр жабдығындағы ақау өртке себеп болған
Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы тұрғын үйде
болған өртке электр жабдығын қосатын құралдағы ақау себеп болған. Өңірдің төтенше
жағдайлар департаментінің басшылығы
осылай деп мәлімдеді. Қазір осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа
дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиға орнында Өртке қарсы қызмет комитеті мен
Тергеу басқармасының басшылық құрамынан
жасақталған жедел топ жұмыс
істеуде.Ал ауруханада жатқан үш адамның жағдайы сол күйі, ауыр, өзгеріссіз деп хабарлады дәрігерлер. Науқастар
жансақтау бөлімінде жатыр. Өрт кезінде өз күшімен үйінен шыққан ер азаматтың
денесінің 12%, тағы екі адамның денесінің
30% және 11% күйік шалған.
Думан Қыдырмоллаев, Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары:
Қазіргі болжам бойынша өрттің шығу себебі бізде сетевой фильтр дейміз ғой, телевизор қосатын электр жабдықтарын қосатын сетевой филтрдің ақаулығынан болып тұр. Сол электр құралының дұрыс қолданбауы себеп болып тұр. Алдын ала болжам бойынша. Жылыту жүйесі табиғи газбен жабдықталған. Газ қазандығы сыртта орналасқан. Ол жағынан кем кетігі жоқ.
Алғабас ауылындағы өрт қасақана жасалмаған, қылмыстық
құрам жоқ деп мәлімдеді Үкіметтік комиссияның отырысын өткізген вице-премьер Қанат
Бозымбаев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы