Павлодарлық оқушы ЖИ көмегімен ақылды көзілдірік ойлап тапты
Павлодарлық оқушы зағип жандарға арналған арнайы көзілдірік ойлап тапты. Жеткіншектің бұл өнертабысы республика көлемінде 10 үздік жоба қатарына ілікті. Құрылғы жасанды интеллект көмегімен жасалған. Негізгі артықшылығы дыбыс сезгіш датчиктердің жұмыс істеуінде.
Жанкелді
Дәрменов, 7-сынып оқушысы:
Ультрадыбыстық датчиктері алдында қабырға кедергі тұрса, ол оған бағыт береді. Және қала аймағында қалай жүруге болады, соған көмектеседі.
Жас өнертапқыш
ақылды көзілдірікті сәл жетілдіріп, алдағы уақытта ірі стартап жоба ретінде
ұсынбақ. Негізі бұл көзілдірікті киген адам қолына таяқ ұстамайды. Басты
артықшылығы сол. Себебі, көру қабылеті нашар адамдардың көбі таяқ таянамыз деп жазатайым жағдайға ұшырайды екен.
Әсел Кәрібжанова, өнертапқыштың жетекшісі:
Алматының метросында көзі көрмейтін адам таяқшамен келе жатып екі вагонның арасы ашық секілді болады. Есік ашылған секілді дыбысты естиді де, таяқшамен көрді, ашық деп алдына секіріп кетті. Ал, ол екі вагонның арасы. Сол ой салған.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16