Басты Жаңалықтар Қазақ инклюзив театры «Жоламан» қойылымын ұсынды

Қазақ инклюзив театры «Жоламан» қойылымын ұсынды

Қазақ инклюзив театры «Жоламан» музыкалық драмасын көрерменге ұсынды. Автор туынды арқылы қоғамдағы өзекті мәселені қозғап, тастанды баланың тағдыры, өрімдей жас қыздың жанайқайын жеткізуге тырысты. Айта кетейік, театр құрамындағы  актерлердің жартысына көбі – ерекше жандар.

Бұл пьеса шынайы оқиға негізделген. Жоламан атты тастанды баланың өмірге келіп, тағдырдың талай тауқіметіне түскен қиын күндерін көрсетеді. Туындының авторы  Жүзбай Серік спектакльді  өзінің «Өмір ғайып» романы желісі бойынша шығарған. Музыкалық драма - отбасын құрудың құндылықтарын, қоғамдағы жетімдердің тағдырын, ата дәстүр бойынша ұл-қыздарды тәрбилеу жолында ой салады.  Қойылым барысында бір ғана тастанды баланың тағдыры емес, бірнеше отбасының трагедия мен драмаға толы оқиғасы көрсетілді. Алдағы уақытта Қазақ инклюзив театры музыкалық комедияларды қоюды, сондай-ақ,  балаларға арнап ертегілер шығаруды көздейді.

Жүзбай Серік, «Жоламан» қойылымының авторы:

Театрды ашқан себебіміз – ерекше жандарды жұмыспен қамту. Және өнер жолында жүрген азаматтарымызды сахнаға шығарып, жол ашу. Өйткені ерекше жандар оқшауланып үйде отырып қалып жатыр. Соларды сахнаға шығарып, жол ашсақ деген бағытта осы театрымызды аштық.

Бөлісу