Астанада эстониялық композиторларға арналған музыкалық кеш өтті
Астанада әйгілі эстониялық композиторлардың мерейтойына арналған музыкалық кеш өтті. Арво Пярттың 90 жылдығы мен Вельо Тормистің 95 жылдығына арналған салтанатты шараға Эстония Президенті Алар Карис пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да қатысты. XX–XXI ғасырлардағы шеберлердің мұрасы бір сахнада тоғысып, көрерменге ерекше музыкалық диалог ұсынды. Музыкалық бағдарлама ішекті аспаптар оркестрінің орындауында ұсынылды. Ал ұжым 15 пен 20 жас аралығындағы 28 жас музыканттан тұрады.
Расмус Пуур, дирижер (Эстония):
Біз орындап жатқан шығармалардың барлығы музыкалық тұрғыдан өзара байланысты. Композиторлық ерекшеліктері әртүрлі болғанымен, екеуінде де ортақ рухани бағыт бар. Арво Пярт григориандық хор мен ортағасырлық әуездердің тыныштығы мен тазалығына сүйенсе, Вельо Тормис фольклор мен көне дәуірдің ұлттық музыкалық дәстүрлеріне жүгінеді. Осылайша, екеуі де өткеннен нәр алып, музыка арқылы адамнан биік рухани мәнді іздейді.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеу жүйесін өзгертпек
10.09.2026, 13:27
Миялы – Тайсойған жолын құм басып қалған
10.09.2026, 13:24
Алматыда салют атуға болмайды
10.09.2026, 13:21
Әлеуметтік желіде балағаттаған ақтөбелік айыппұл арқалады
10.09.2026, 13:18
Си Цзиньпин Үндістанға сапарлауы мүмкін
10.09.2026, 13:15
11 қыркүйек оқиғасына 25 жыл
10.09.2026, 13:12
Ұлытау облысындағы ауылда мектеп ашылды
10.09.2026, 13:09
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Жастарымыз ең алдымен зияткерлік қабілеті жоғары, ойы ұшқыр, еңбекқор болуы қажет
10.09.2026, 13:08