Президент қызметте қаза болған фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
Мемлекет басшысы Астанада қайтыс болған фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Мырзуан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп жазылған Ақорда таратқан хабарламада.
Еске салайық, Астанада үстіне кондиционер құлап кеткен 23 жастағы фельдшер ауруханада көз жұмды. Ол жансақтау бөлімінде 10 күн жатты. Оқыс оқиға 8 қараша күні елордадағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы құлап, 5 адам жапа шекті. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасымен барған фельдшердің үстіне кондиционер қондырғысы құлап, басынан ауыр жарақат алған еді. Айта кетейік, бүгінде Мәжілісте Жедел-жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін қорғау туралы Заң жобасы қаралып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы